"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Тәрбие жұмысы

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай №56 орта мектебінде өткізілген шарада мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің топағасы Қуан Қамалхан Қуанұлы «Ұрпаққа ұлттық тәрбие» тақырыбында баяндама оқыды.

 

1 - 7 мамыр мерекелері

 

6 наурыз

 

7-9 май мерекелік шаралар

 

Анықтама 8 наурыз

 

Анықтама 22 наурыз

 

Анықтама Алғыс күніне орай

 

Анықтама қайырымдылық

 

Анықтама рәміздер

 

Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп

 

Еріктілер бойынша

 

Мамандық жәрмеңкесі

 

Мамандық таңдау жаднамасы

 

Мектептегі  тәрбие жұмысының проблемасы:рухани-адамгершілігі жоғары, саяси-құқықтық санасы қалыптасқан, СӨС қолдайтын, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтай білетін ұлтжанды тұлға  қалыптастыру.

 

Тәрбие жұмысының  мақсаты - мектептегі  тәрбие жүйесін ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайлармен қамтамасыз етіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, жан-жақты, рухы биік азаматты, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Мектептің тәрбие жұмысы төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздеді:

 

- Оқушылардың өзін-өзі басқару, көшбасшылық  қабілеттерін  дамыту жұмыстарын одан әрі жандандырып, қоғамдық жұмыстарда  белсенді, өз   бетінше ұйымдастырушылық қасиеттері жоғары оқушылар қатарын көбейту ;
-  Салауатты өмір салтын қолдайтын, бәсекеге қабілетті, шығармашыл,  көпмәдени   тұлғаны   қалыптастыру  бағытындағы  жұмыстарды  жан-жақты жетілдіру;
-  Ата – аналардың мектеппен тығыз байланысын, ынтымақтастығын сақтай отырып, осы бағыттағы жұмыс түрлерін жаңаша ұйымдастыру;
-  Діннің өзге бағыттарына, құқықбұзушылыққа  бейім оқушы санының артпауына аса назар аударып, оқушылармен  психологиялық  зерттеу  жұмыстарын  одан әрі жандандыру;
-  Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырлатын іс-шаралар түрін жаңаша формаларда өткізу т.б. 

 

Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі нормативтік құқықтық құжаттар басшылыққа алынады:

 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілгенөзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілгенөзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген;
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 
    2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген;
  • «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
  • «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған; 
  • Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы.
  • "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы және т.б.    

 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің тәрбие жұмысы жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Ақтөбе облысының білім басқармасының 2015 жылдың 01. 09 № 733 бұйрығы негізіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында 9 бағытқа  негізделіп жасалды.

 

 

 

 

 

Кешенді бағдарлама бойынша тәрбиенің барлық 9 бағыты:

 

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Ұлттық тәрбие 
3. Отбасы тәрбиесі
4. Рухани-адамгершілік тәрбие(діни тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)
5. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 
6. Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу
7. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
8. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
9. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты  бағыттары. 

 

Оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ұйымы, кеңестер, топтар мен клубтар жұмыс жасайды.

 

 

 

Тәрбие және оның маңызы

 

1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.

 

Тәрбие əдістері – бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. 
Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері. 
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. 
Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық.

 

 

 

 

 

 

2. Сана қалыптастыру əдістері

 

Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну)
Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті.
Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. 
Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. 
Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.    

 

Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері

 

Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. 
Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. 
Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. 
Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. 
Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.

 

Ынталандыру əдістері

 

Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. 
XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. 
Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. 
Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. 
Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда. 
«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең бесігіңді түзе», - деп емірене айтыпты. Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, «Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл», - деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен.

 

Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?

 

Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді.
Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой.

 

Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет.

 

Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. 
Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. 
«Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. 
Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.

 


Ic-шаралар

 

Толығырақ көшіру...