"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» өткізілген жұмыстары туралы мәлімет

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубын ашылуы туралы бұйрық № 129 17.10.2016ж. нәтижесінде 18.10.2016ж. өткен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының алғашқы жиналысында хабарлап, жалпы ережелер мен мақсат, міндеттерімен таныстырып, мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары бекітілді.«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына 5-11 класс арасынан 55 оқушы өтініш білдіріп тіркелді. ДТІЖО Б.З.Матаева «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыпта оқыған баяндамасында ҚР-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының мақсатын, негізгі ұғымдарын, баптарын жеке-жеке қарастырып талдап өтті. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қандай жауапкершілік түрлері бар екенін және әрбір азаматтың қаң алдындағы жауапкершілігін айтып түсіндірді. Жиынға мектеп оқушылары қатысып, өз пікірлесіп, сұрақтарына жауап алды.«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшілігі тарих пәні мұғалімі, қосымша білім беру педагог М.Амангелдинге жүктелді.

 

Әдістемелік класс жетекшілер жиналысында мектеп директоры Ш.С.Жанғалиева «Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы»№ 19.01.09.2016ж. бұйрығымен таныстырса, мектеп инспекторы С.Ж.Балтамбекова қатысып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершлік түрлері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.ДТІЖО Б.З.Матаева «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыпта баяндама оқыды.

 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының эмблеманыңбайқауы жарияланып, ДТІЖО, технология пәні мұғалімі  Б.З.Матаева бейнелеу өнері және технология  пәні мұғалімі А.Ж.Кумискалиев, бейнелеу өнері пәні мұғалімі А.Туысова жұмыстарды іріктеп, Жұбатқанова Камиланың эмблемасы таңдалды. «Парасатты азамат» бұрышына салынды. Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауы өтіп, оқушылар марапатталды. Оқушылар арасында өткен «Қоғамдық тәрті негідері» семинар-практикумда ерікті мектеп клубының мүшелері жемқорлық туралы өлең шумақтарын айтты, постерлерінде сыбайлас жемқорлыққы қарсы екендігін білдірді.

 

Оқушылар, мектеп ұжымы, ата-аналар жиналыстарында жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және төзбеу  мәдениетті қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. ҚР Тәуелсізідігінің 25 жылдығына орай патриоттық бағытта  көптеген іс-шаралар ойдағыдай өтіп, қатысқан оқушылар марапатталды.  «Ел рәміздері –ел рухы» атты фестиваль, «Ел ертеңі-Жас Ұлан» көшбасшылар семинары, «Білімді ел-мәңгі ел» атты үлес қосқан маман иелерімен, мектеп түлектері мен зейнеткер ұстаздарымен, «Өз өмірім-өз қолымда» наркологиы, полиция қызметкерлерімен кездесулер, адалдық, адамгершілік, парасаттылық туралы, «Ел болам десең, бесігінді түзе», «Әділет пен әділетсіздігі» тақырыпта т.б. класс сағаттары өтті.

 

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» баяндаманы оқыған  10 «А» сынып оқушысы Бүркітбаева Ақбота,  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» сұхбатты өткізген 11 «Ә» сынып оқушысы Құралбаев Мирас, «Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру» баяндаманы оқыған 10 «Ә» сынып оқушысы Әжімұратұлы Исламбек т.б. оқушылар жан-жақты дайындалып ізденген. 
«Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу» сауалнаманы мектеп психологы Махимова Нұрсұлу, «Өзін-өзі тәрбиелеу – заман талабы» атты психологиялық тренинг А.Жумагулова өткізді.
Оқушыларға жемқорлық құқық бұзушылықтың картасын жасау және мектепішілік өтетін «Ғ.Ақтаев ауласының ажары» атты байқауына дайындық жүргізу жөнінде тапсырма берілген.
Мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы оқу жылында да жүйелі жалғасын таба береді. 

 

Мектеп директоры:                           Ш. С. Жанғалиева

 

Қалалық білім бөліміне
Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта
мектеп әкімшілігінен

 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде «Есіктен есікке» ведомстволық бағдарламасын іске асыру мақсатында  өткізілген жұмыстары туралы мәлімет.

 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл бағдарламасына үлес қосу мақсатында көпшілік жерде І қабаттағы есігінде және ІІ қабаттағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стендттің екі жағында А-3 форматта плакаттар эскиздері ілеулі.

 

 

 

 

Дайындаған ДТІЖО Б.З.Матаева

 

 АНЫҚТАМА 

 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің жас мамандары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл бағдарламасына үлес қосу мақсатында Т.Ахтанов атындағы драма театрында өткенқоғамда болып жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріндегі келеңсіздіктерді суреттейтін Н.Жұбатқанның «КОМАНДОС» атты мега сатирасын   28.02.2017ж. сағат 19.00-де тамашалауға барған. Өте әсерлі болғанынын айтты.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта тағы басқа жұмыстар  жүргізіледі. 

Дайындаған: 
«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі 
М.Амангелдин 

 

Қалалық білім бөліміне
Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта
мектеп әкімшілігінен

 

Оқушыларға рухани-адамгершрухани-адамгершлік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 
жүргізілген жұмыстар жөнінде

 

Хабарлама

 

Кешенді тәрбие жұмысының бір бағыты- оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру - аса маңызды мәселе.

 

Мектепте осы бағытта 2016-2017 оқу жылында жылдық жоспар дайындалып, осы екі айда түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Мәңгілік ел» идеясы аясында үш тілдік ашық тәрбие сағаты мен коучинг ұйымдастырылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел рәміздері-ел рухы» 4-кластар арасында фестиваль, «Отанға 5 игі ісім»жас ақындар байқауы, ата-аналар, оқушылар,  жас мамандар, ер мұғалімдер арасында өткізілген спорттық эстафеталар, ойындар, «Өз өмірім өз қолымда» тақырыбындағы наркология, полиция қызметкерлерінің қатысуымен семинар жиналыстары, класс сағаттары, Ы.Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналаған мектеп кітапханасында өткен кластан тыс жұмыстары, «Менің Қазақстаным – менің Отаным» ашық тәрбие сағаттар шеруі, мектепішілік және «Руханият»  мұражайын топсеруендер ұйымдастырылды. 1-11-сыныптарда «ҚР мемлекеттік рәміздері» тақырыптарында сауалнамалар алынып, тәрбие сағаттары т.б. жұмыс түрлері өткізілді.

 

«Жас талант»  ең үздік патриоттық әндер, ұлттық би, музыкалық аспапта орындалатын байқау, «Білімді ел-мәңгі ел» үлес қосқан маман иелеремін кездесу дайындық үстінде. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жүргізілген жұмыстары тікелей осы бағыттарымен байланысты. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бұйрық шығарылды. Жұмыс жоспары құрылып бекітілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб 5-11 класс оқушыларынан (20 оқушы) құралған. «Парасатты азамат» бұрышы дайындық үстінде.

 

Жас суретшілердің арасында өткен «Адал ұрпақ» клубының эмблемасын шығару жөнінде байқау өткізілді, бірақ Қбб бөліміне тапсырылмаған. Оқушылар, мектеп ұжымы, ата-аналар жиналыстарында жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және төзбеу  мәдениетті қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Хаттамалары бар. Адалдық, адамгершілік, парасаттылық туралы класс сағаттары өтуде.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Мен және менің полицейем» тақырыбында қалалық акциясы  аясында оқушыларға зорлық-зомбылық, қатыгез, суицид, нашақор т.б. жөнінде семинар өткізілді. Оқушылар семинардан шығып, Елек полиция бөлімінде орналасқан криминалистика және кезекшілік бөлімінің атқаратын жұмыс түрлерімен таныстырылды. Діни экстремизмнің алдын  алу  мақсатында жүйелі іс-шаралар белгіленіп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Теолог мамандары мен дін өкілдерімен  кездесу жоспарлануда.

 

«Зиянды заттардың алдын алу», «СПИД  және оның алдын алу» оқу бағдарламалары бойынша оқушылар мен 7-11 класс жетекшілер үшін кездесулер, семинар ұйымдастырылды, үгіт-насихат парақтары мен кітапшалар үлестірілді, жалпы қыздарға арналған  жиналыстар, мектеп дәрігерімен кездесу сағаттары өткізілді.
Мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы оқу жылында да жүйелі жалғасын таба береді.

 

                                         Мектеп директоры:                           Ш. С. Жанғалиева