"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп 2016 оқу жылы оқушылармен жүргізген тренингтің Хаттамасы

Жүргізілген күні:27.09.2016ж.
Класы:7-11 аралығы
Тақырыбы:«Діни экстремизм:Психологиялық аспектілер»
Мақсаты:Оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру,теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренинг арқылы жеткізу,діни сауаттылықты қалыптастыру.

Міндеттері: 
1.Діни наным-сенімнің зияны турасында өмірден мысал келтіре отырып слайд арқылы түсіндіру 

Барысы:
1.Сыныптан тыс іс-шараны өткізу
Слайд 1.Теріс діни ағымдар жөнінде толық ашып айту және оған туекел топтарды көрсету
2.«Жоқ деп айтып үйрену»тренингін өткізу
Ортаға 2 оқушы шығады.Бірінші оқушы екінші оқушыны алдап,теріс ағымға  кіргізгісі келеді.Екеуінің әңгімелері бақыланады.
Бірінші оқушы:-Сен мен сияқты бай болғың келеді ме?Әлеуметтік жағдайымды дұрыстап алдым.Мен ол үшін тек намаз жолына түстім,бар болғаны сол.Сонда осындай жетістікке жете алдым»- дейді.
Екінші оқушы:-  «Осы адамға менің жетістіктерімнен не пайда?Ол қандай мақсатта маған көмектесіп жатыр»,-деп ойланады.«Жоқ» деген позицияны ұстану керек.Әрбір адамға сене бермей,ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың қажеті жоқ. Кез келген бейтаныс адамға мекен-жайың мен телефон нөміріңді қалдырмау керек.Бұл үшін заңды оқып,діни ағымдар мен философиядан хабардар болу керек.

 

Қорытынды:Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды қарсы тұруы тиіс.  

 

Мектеп психологтары:Махимова Н.Р.  

                                      Жұмағұлова А.Н.