"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Агрессивті мінез-құлық және өз-өзіне қол жұмсау жағдайының алдын алу мәселелері (8-11 класс ата-аналары мен класс жетекшілері)

Агрессивті мінез-құлық және өз-өзіне қол жұмсау жағдайының 
алдын алу мәселелері


АНЫҚТАМА

 

Жүргізілген уақыты:қараша айы
Мақсаты:8-11 класс ата-аналары мен класс жетекшілеріне баяндама оқу, кеңестер беру
Ата-аналар жиналысында баяндама оқылды:
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ішкі жан күйзелісінен немесе қатты стресс жағдайынан болады.Ондай кезде көңіл-күйі болмай,депрессияға шалдығып,болашақ өмірі қызықтырмайтындай болып көрінеді.Әдетте,өз—зіне қол жұмсауға баратын жасөспірімдер- ата-аналарының,мұғалімдерінің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында жасалады.Бұл баланың әлеуметтік жағдайына және ортасына байланысты. 
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау алдында мінез-құлқы өзгереді:
- асқа тәбеті және ұйқысының болмауы;
- көңіл-күйі мен өмірлік белсенділігінің қашуы;
- көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;
- оқшаулануы, өзін ешкімге керек еместігін сезінуі;
Ата-аналар мен класс жетекшілерге кеңестер берілді:
- Отбасы арасындағы ұрыс-керіске балаларды араластырмау;
- Өмірге деген талпынысын,мақсатын құруға көмектесу;
- Ешқандай жағдайда қол күшін пйдаланып,жаза қолданбау;
- Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастыру: үйде, мектепте, көшеде.Бұл жерде қатыгездік емес, түсіністік керек;
- Көбірек көңіл бөлу керек.



Мектеп психологы:                        А.Н.Жұмағұлова