"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
«Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған» (тәуекел тобының оқушыларымен жұмыс)

«Жанымыз жақсылықтан жаралған,жүрегіміз мейірімнен нұрланған»
тақырыбында тәуекел тобының оқушыларымен 
жүргізілген жұмыстың
А н ы қ т  а м а

 

Жүргізілген уақыты:наурыз айы  
Мақсаты:Оқушылардың  «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 
*Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
*Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту
*Мейірбандылыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мейірімділік – асыл қасиетіміз,
Жүректегі таза ақ ниетіміз
Жан дүние кілті.
Шаттық пенен күлкі.
Биік ұстап соны,
Қадірлейік біз.
Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – мейірімділік.Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп,айналасындағыларға тек жақсылық ойлап,игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағаты - әдептіліктің белгісі. 
Оқушылардың назарын  «Сары балапан» туралы әңгіме тыңдауға аударамын.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан: 
-Мейірімділік деген не? - деп сұрапты. Анасы:
-Сен әлі кішкентайсың. Өсеннен кейін түсінесің-дейді. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. 
-Менде уақыт жоқ, мен мейірімділіктің не екенін білуім керек,- дейді де балапан, әрі қарай жүріп кетеді.Шалғайдан шошқаны кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. 
-Балапан,балапан маған ана шарды алуға көмектесіп жіберші,-деп сұрайды шошқа. 
-Менде уақыт жоқ, мен мейірімділіктің не екенін білуім керек,- дейді балапан.Сол кезде шошқа:
-Сен бірінші маған шарды алып бер,-дейді.Балапан шарды алып береді.Сол кезде шошқа:
-Мінекей,сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы.
-Қандай оңай,- деп таң қалды балапан.
Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» тренингі ұйымдастырылды.
1.Мейірімділік – бұл...
2.Мейірімді сөздер ...
3.Неге мейірімді болу керек?
4.Қалай мейірімді болуға болады? 
Ойын:«Мен қандаймын?»
Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте , жоқ болса көк нүкте қояды.
Жағдаяттарды шешу:
1.Сен аулада ролик теуіп жүрсің, ал сенің досыңның ролигі жоқ,сенің әрекетің?
2.Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты,сен не істер едің?
3.Сенің анаң ас дайындап жатыр,ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4.Сенің алдыңнан ауыр сөмкелер кетерген әже шықты,сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды,сен не істер едің?
Қорытынды: Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық! Қайрймды,мейірімді бола білейік!«Жанымыз жақсылықтан жаралған,жүрегіміз мейірімнен нұрланған» - тақырыбында өткен мектептен тыс шара осымен аяқталды. 

                            

Мектеп психологы:                   Н.Р. Махимова