"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
«Ұйымдастырылған сабақ бойынша жиынтық бағалау өткізуге психологиялық ахуал» 1 класс аралығы

«Ұйымдастырылған сабақ бойынша жиынтық бағалау өткізуге            
психологиялық ахуал»
А н ы қ т  а м а с ы

 

Жүргізілген уақыты:қаңтар айы  
Тренинг:«Джунглидегі жаңбыр» 
Мақсаты:Иық, мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыты:10 минут 
Нұсқау:Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз.Ауа райы бастапқыда  өте керемет болады.Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа  қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына  қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын  басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан  кейін  жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың).Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.  
Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз. 
Талдау: 
Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

 

 

                            Мектеп психологы:                   Н.Р. Махимова