"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
«Адамның жақсы өмір сүруіне негіз болатын жақсы қасиеттер» 5-11 класс аралығы

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп
«Адамның жақсы өмір сүруіне негіз болатын жақсы қасиеттер» 
А н ы қ т  а м а

 

Жүргізілген уақыты:ақпан айы  
Мақсаты:Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар берілді:
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Оқушылармен жақынырақ танысу үшін «Өрмекшінің торы» тренингі жүргізілді.Әр оқушы өзінің аты мен өзін сипаттайтын теңеу келтіруі қажет.
Оқушыларға кеңестер айтылды:
-Адам баласының басқа табиғи күштерден айырмашылығы: адами дене, оқып-білуге мүмкіндік, адами қасиеттер болады. Оларды дамыту адамның өзіне байланысты. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасты өздері құрады. Мысалы: әйел мен ер, ұстаз бен оқушы, бала мен ата-ана және т.б. Әр адам үнемі өзін-өзі реттеп, өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. 
«Адамгершілік»тақырыбына байланысты бейнеролик көрсетілді.Әр оқушы өз ойларын, не түсінгендерін айтып шықты. Адамгершілікке байланысты әртүрлі жағдаяттар қойылды, оқушылар сұраққа нақ жауап берді.       
Оқушылар тренингке белсенді қатысты. Әр жүргізілген тренингке өз ойларын ашық, анық етіп айтып, пікірлерімен бөлісті.

 

Мектеп психологтары:                   А.Н.Жұмағұлова
                                                        Н.Р. Махимова