"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің « Мен өмірге ғашықпын» тақырыбында позитивті тұрғыда жүргізілген психологиялық жұмыстың анықтамасы.

Мақсаты: Өмірге деген бейімділік, өмірді сүю, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын-алу. Бір- бірімен қарым- қатынас машығын қалыптастыру. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Міндеті: Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат- мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.

 

Жүргізілген уақыты: 13.02.17 ж

 

І және ІІ кезең оқушылары қатыстырылды. 5-11 класс

 

 

Оқушыларға «Өмір» туралы ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқу, сурет салу ұсынылды. Оқушылар өмір туралы позитивті сөздер жазды. Оқушылардың ойы бойынша: Өмір керемет, мен өмірге ғашықпын себебі басқаша өмір мәнін тата алмаймын, өмір уақыт оны үнемдей білу керек,  өмір мен үшін баға жетпес байлық, мен өмірді сүйемін, өмір ол қуанышқа толы ертегі секілді, мен осы сыйлағын ата-анама рахмет айтамын, өмір қиындық пен қаунышқа толы, бірақ мен өз өмірімді гүлдендіруге тырысамын деп өз ойларын жазыпты.

 

 

Өмір туралы позитивті бейнелеу терапиясында саусақ бояларымен өз қолтаңбаларын салыпты.  Жүрек суреті,  жарық жұлдыз, күн сәулесі, әдемі гүлдер суретін салған. Салған суреттері бойынша қорытындылады. Жұлдыз салған себебіміз, өміріміз үнемі жарық болса екен, күн салған себебіміз күн- адамға жылулық сыйлайды, шуағын шашады, гүл салған себебіміз гүл- адамға қуаныш, әсемдік, көңіл-күй сыйлайды деп қорытындылады.