"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Психологиялық тренинг.

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай? Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг жүргіземін.

 

Жүргізілген уақыты:  Қазан айы.

 

Мақсаты: Қатысушылардың  позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру. 
Қажетті құрал-жабдықтар:Жұмсақ ойыншық, маркер, ватман, жіп, қайшы, желім.

 

Психологтың кіріспе сөзі.

 

Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Биылғы оқу жылы қалай болады, қандай сынып  түседі деген ойлар әрқайсымызда да кездеседі. Біз, бүгін балалардың ерекшеліктері  жөнінде, бесінші сыныптың қиындықтары жөнінде әңгімелеспейміз. 
Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй  қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады. Оқу жылының сәтті өтуі,  оны біздің  қандай күйде қарсы алатынымызға  байланысты.

 

Танысу ойыны.«Сұрақ-жауап»


Жүргізуші жіпті  кез-келген қатысушыға бере отырып, есімінің алғашқы әріпінен келетін өзіне  позитивті сөздер айту ұсынылады. Ойын осылай жалғасады.
Мысалы:
Жүргізуші: Менің атым Асылгүл, алты әріптен тұрады, асылмын, сыпайымын, ырыстымын, лайықтымын, гүлдеймін, үнемшілмін,лауазымдымын.

 

 

 

Қатынасушы: Сәтті. Сергіту ойыны «Бүгін менің  топта көргенім.........»

 

Жүргізуші: Қатынасушылардың оң жағында тұрған көршісіне қарап байқаған өзгерістерін сол адамға айтуды ұсынады. Әрбір қатынасушы «Бүгін мен бұл топта көргенім, көршімнің.........».

 

 

 

1.Жаттығу «Жағдаяттан шығу»
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез- келген жағдайдан шыға білу.
Нұсқау. Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.
Талдау:
Жағдаяттан шығу оңай болды ма ?
Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің

 

2.Жаттығу «Бір күннің қорытындысы». 
Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өткен  тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларын  мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, әріптестерін құрметтеуді сұраймын.
Талдау:
Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді ?
Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз ?
Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?
Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз ?

 

Қорытынды.
Бүгінгі тренингке белсенді қатысқандырыңызға көп рахмет. 
                            Ғ.Ақтаев атындағы №6  орта мектебі

 

Жас маман класс жетекшілермен жүргізілген жұмыс

 

Мақсаты:  Жас маман класс жетекшілердің   кластың балаларымен және ата-аналармен жұмыс жасау барысында қиындық туғызатын оқушылармен  жұмыс жасау және оны шешу жолдарын қарастыру.

 

Жүргізілген уақыты:  Қараша  айы

 

Қажетті құрал- жабдықтар : маркер, ватман, түрлі –түсті карандаштар, итерактивті тақта.

 

                      Психологтың кіріспе сөзі
Бала-ата-ана- ұстаз үштігі қарым-қатынас құрастырыла отырып, топқа  бөлініп, мектеп, ата-ана , бала үштік одағының қиындығын, үнемі байланыста  болып отыруымен қатар жүйелі жұмыс жасалынуы керек. Әр топ өз үштігін қорғап , пікірлерін айтады.  

 

1. Дөңгелек үстел. Класс жетекшілердің бет-бейнесі қандай болуы керек? Өзін-өзі ұстауы , баламен  дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, әр баланың  психологиясын зерттеп барып жұмыс жасау керектігі жөнінде  пікірталас болды. Слайд арқылы көрсетілді.   

 

  

 

«Біз өмірден қандай сыйлық күтеміз»  Сиыр, жүзім,  суреттерін таңдай отырып, топқа бөлінді. 1- топқа « Идеалды оқушы» 2-топқа « Девиантты мінез-құлықты оқушы» суретін салу ұсынылды. Әр топ мүшелері  суреттің бір-бір элементтерін салып, ортаға шығып қорғады, қарама-қарсы топ мүшелері жетпей қалған жерлерін айтып, суретті толықтырды.



Девиантты мінез-құлықты балалардың психологиялық  ерекшелігі слайд арқылы кқөрсетілді. 
Рефлексия.
«СТО»-технологиясы бойынша « Білемін» «Үйрендім» «Білғім келеді»

 

Қорытынды: Класс жетекшілер диагностикасы толтырылды.
Таңдаған  суреті бойынша кім қандай тұлға екені айтылды.