"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысының анықтамасы.

Қатысқан ата-ана саны:54
Класс:1-11 класс
Жүргізілген күні:18.02.17 ж
Жалпы ата-аналар жиналысына ата-аналар кеңесінің  төрайымы, әр кластың( 2 ата-анадан) ата-аналар комитеті  қатысты. 
«Интернет қауіпсіздігі-бала қауіпсіздігі» тақырыбында  ата-аналарға кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетіліп талданды. 
Қазір біздің балаларымызды  қауіпті ойындарға тарту көбейіп келеді.Оның соңы-ӨЛІМГЕ алып келеді. Бұл қауіпті ойындар Қазақстанда да пайда бола бастады. ( «море китов, тихий дом, разбуди меня» в 4: 20 т.б)  Балаларға әртүрлі тапсырмалар береді. Оның соңы  қорқытумен келеңсіз жағдайға әкеліп соғады.   

 

 



Ата-аналар , балаңыздың өмірі сіздің қолыңызда !!!
-Егер сіздің балаңыз әлеуметтік желіде жаңа хабарламар мен хаттарды, «лайк» (ұнайды немесе ұнамайды) басқышын көп қолданатын болса...
-Әлеуметтік желіде 2 сағаттан астам уақыт өткізетін болса...
-Егер сіздің балаңыздың ұйқысының қанбағандығын байқасаңыз, таңғы 4-5 дейінгі аралықта әлеуметтік желіде уақыт өткізетін болса...
-Егер сіз балаңыздың денесінен қандай да бір кесілген немесе тілінген жарақаттарды байқасаңыз, әсіресе олар жануарлардың сұлбасына ұқсайтын болса ... (көбелек, кит т.б)
-Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан өзгеріс байқасаңыз... 

 

ДАБЫЛ ҚАҒЫҢЫЗ!!!
Бұл фактілерді жасырмаңыз!!!  Прокуратураға, сынып жетекшісіне, әкімшілікке, психологқа, сенім артыңыз, ұстаздарға хабардар етіңіз.!  

               

Сенім телефондары
Ақтөбе облыстық білім басқармасының 55-17-92, Балалар құқығын қорғау комиссиясы 21-00-52,  ГОО ,ҚББ 21-14-63.

 

Интернет қауіпсіздік

 

  1. Балаңыздың интернет желісіндегі барлық ақпараттар шынайы еместігін түсіндіріңіз.
  2. Балаңызға жағымсыз келіп түскен мәліметтерді ажырата білуге үйретіңіз.
  3. Балаңыздың әлеуметтік желіде танысқан достары жөнінде әңгімелесіп, хабардар болып отырыңыз.
  4. Балаңызды интернет желісіндегі мазасыздық , қорқыныш , ыңғайсыздық тудыратын мәселерді сізге айтуына мүмкіндік беріңіз.
  5. Балаңыздан жеке әлеуметтік желісіндегі парақшасын  көрсетуін талап етіңіз.
  6. Интернет желісіндегі қауіпті ойындар туралы ойыңызды  бірге талқылаңыз .
  7. «Ата-аналық бақылау» функциясын құрыңыз.

 

Ата-аналарға кенестер айтыла отырып ,бейнероликтер көрсетілді.  
«Ата-аналық бақылау» «Жанұяңа көңіл бөл!» бейнероликтері көрсетілді,талданды,ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, өз ойларын  айтты. 

 

 

 

Жалпы осындай кеңестер барлық кластың ата-аналар жиналысында айтылып, таныстырылды.  

Мектеп директоры:                       Ш.С.Жанғалиева 

Мектеп психологтары:                  А.Н.Жұмағұлова
                                                       Н.Р.Махимова