"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп 11 « а»класс оқушыларына жүргізілген тренинг сабағы Қатысқан оқушы саны: 25

«Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады.1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушалр сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын  дейді, сол үшін сынайды» деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды. 
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ-ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін. 
Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ге,  қорытынды аттесттауға  сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.

 

«Жан дүниемнің бау-баққшасы»» Арт- терапия

 

 

 

Мақсаты:  Ұшкі жан дүниесінің сырын білу.
Алдарыңыздағы қағазды ұсақтап турап, және ұсақталған қағаздан   көңіл күйге қаяу түсіретін жағдайды бейнелеңіздер.Оқушылар бірінші  өздерінің ішкі сезімдеріндегі қорқынышты бейнелейді, екінші соны позитивке айналдырады.  Сіздердің көңіліңізді түсіретін жағдайға енді ешқашан қайтып оралмайды, оны еске түсірмей, жоққа шығарамыз деп ойлаңдар. «Көңіл-күй – ол күн. Күн – адамның жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен, ал өмірдегі жақсылық – адамнан. Осы сөздерді жазып, жаттап алайық. (Оқушылар хормен айтады).
Ғ:Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің  «Барлық әлем мен үшін !»тақырыбында жүргізілген декаданың анықтамасы. 
Класы: 11 «а», «ә», «б»   кластары
Жүргізілген уақыты:            
Мақсаты.: Түлектердің бойындағы  ҰБТ-ге, қорытынды аттестаттауға байланысты қорқыныштарынан арылту, психологяилық көмек көрсету.

«Барлық әлем мен үшін»  атты декадада  6-11 класс  аралығында жоспар бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді. Соның бірі  11  кластармен жүргізілген  флэшмоб . Флэшмобқа  оқушылар қолдарына бір-бір шардан ала отырып,  аулаға  флэшмоб жасады. Әуеннің ырғағымен  билей отырып, бойларындағы жағымсыз эмоцияларынан арылып, кәңіл-күйлері көтерілді.  

 

 

11 кластарға жүргізілген флэшмобтан көрініс. 

 

 

«Сенім – меніңсерігім» аттыпсихологиялық тренинг сағаты. 
Жүргізілген күні: 18.11.16ж
Класы: 11 «А» Қатысқан оқушы саны: 25
Мақсаты:11 – сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға   байланысты сенімділікке, төзімділікке  үйрету , темперамент типін анықтау. 
Қажетті құрал – жабдықтар : ақ парақ ,  фольга, қаламсап интерактивті тақта.
1.«Қуыршақ сәлемі» тренингі . Ертеде бір ханшайым .....деп өздерінің  есімінің  алғашқы әріптерімен байланысты, фольгамен, ұсақ қағаздармен  қуыршақ бейнелеп,  жағымды сөздер айтып, таныстырады. Өзінің   сәлемін басқаларға жолдайды.Тренинг осылай жалғасады.

 

 

 

2.«Джунглидегі жаңбыр» 
2.«Джунглидегі жаңбыр» Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру ,  бұлшық арқа еттерін қалыпқа келтіру.

 

Шарты:Оқушылар бір-бірінің артына тұра қалады, көршісінің арқасына табиғат құбылысын айта отырып,  массаж жасайды, орындары ауысады, ойын осылай жалғасады.  Алған әсерлерімен бөліседі. 
Темперамент типін анықтау. 
Оқушыларға 4 сұрақ оқылады, өзіне сәйкес келетін вариантын белгілейді.Типтері бойынша мінездері айтылып, талданылады.
3.«Біз біргеміз» жаттығуы. 10 оқушы ортаға шығады,  оларға қолайсыз жерде тұрсыздар,  мыс автобус ішінде бір-бірлеріңізбен қалай  жақындасуға болады деген нұсқау беріледі.Қыстырылу кезінде қандай сезімде болдыңыз деген талдау жасалынады.  Оқушылар өз ойымен бөліседі.

 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебі.
Жүргізілген күні: 22.02.17ж
Класы 11 «А» 
Қатысқан оқушы саны: 25
Мақсаты:Қорытынды аттестаттауға байланысты, бойларындағы қорқыныты, мазасыздықты жою, көңіл-күйлерін көтеру. 
Қажетті құралдар: қағаз, карандаш, интерактивті тақта.

 

1.«Сіз кімді таңдайсыз?» бейнеролигі.  Оқушыларға адам бойындағы қасиеттерге байланысты, бейнеролик көрсетіледі.Талданады, кімді таңдайтындарын айтады.

2.«Көк құс» тренингі.

 

Мақсаты: Өмірде  кездесетін қандайда бір қиындықтардан қандай жағдайда өтетіндіктерін анықтау, білу. 
Көкқұс  сіздер  осында отырғанда үйлеріңе адасып келіп, бөлмеңізге қонып отырады. Бұл құстың бір ерекшелігі  күнде түсін өзгертіп отырады, мыс: 1-күні «Көк»,2 –күні « Кызыл», 3-күні,» Жасыл» , 4- күні,»Қызыл» , ал бесінші күні  сіздің құсыңыздың түсі қандай болуы мүмкін.Оқушылардың таңдаған түстеріне қарай интерпретацияланды.

 

 

«Сиям егіздер»  
Мақсаты:Оқушылардың бойын қиындықтардан, тапжылмай, күресе білуге, жігерлендіруге  ынталандыру.
Шарты:Төрт жұп ортаға шақырылады. Бір оқушының сол қолы, екінші оқушының оң қолы байланады.  Берілген тапсырманы екі қолдың көмегімен орындайды. 
Осы тренингті қандай мақалмен аяқтауға болады? «Саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді.» Талданып,, оқушылардың пікірлері тыңдалады.