"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының ІІ жыртыжылдықта Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығымен бірлесіп атқарылған жұмыстары бойынша мәлімет.

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің жастар мен жасөспірімдер арасындағы еріктілер клубы 2017 жылдың Б.№ 25-2   11.03.2017ж. күні бектілді. Бірақ еріктілер үлкен жауапкершілікпен жұмысын қаңтар айынан бастады. Құрамында 15 оқушы.
Еріктілер клубының жетекшісі қосымша білім беру педагогы М.Қ.Амангельдин және оқушылар арасындағы еріктілер төрағасы 11 «Ә»класс оқушысы Құралбаев Мирас.
Атқарылған жұмыстар:
20.01.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде Ақтөбе қаласы Әкімнің жастар саясаты жөніндегі кеңесішісі,  «Дарын» сыйлығының иегері Табылғанов Жандос ағайымен кездесу өтті.  №1 жиналыс өтті.
Еріктілер клубына оқушыларды қабылдау үшін өтініштер толтырылды.
31.01.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Кожаков Куттымұрат (Мадреймович) атамызға қол ұшының көмегін тигізіп,ауласындағы қарын тазалап,үй жұмыстарына көмегін көрсетті.
02.02.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Орталық  базар маңында көше тазалап жүрген аға-апаларымыздың еңбегін бағалап,құрметтеп, оларға ыстық шай мен бөлкелер таратты.
06.02.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде №2 жиналыс өтті.Оқушылармен сауалнамалар жүргізілді.
10.03.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде Табылғанов Жандос ағайдың қатысуымен барлық қала еріктілерінің жиналысы өтті.Жақсы жұмыс жасаған оқушыларға 1 жылға тегін кіруге «Ақтөбе» футбол клубының абонементтері таратылды.
10.03.2017жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Лаврушко Александра Дмитриевна әжемізге қол ұшының көмегін тигізді.Ауласынындағы қарын тазалап мұзын ойып берді.
13.03.2017 жылы Ақтөбе қаласының Қалалық оқушылар сарайында Табылғанов Жандос ағайдың қатысуымен жиналыс өтіп,ол жиналыста «ЭКСПО 2017»-ны насихаттау туралы тапсырма берілді.
14.03.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері мектептегі жоғары сынып оқушыларының сыныбына кіріп «ЭКСПО 2017» көрмесі жайында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
15.03.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері ФК Ақтөбенің футболына байланысты стадионға жиналысқа барды.
21.03.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Киіз үйге барып ұлттық тағамдар таратылды.
16.04.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері №56 мектептің спорт залында ұйымдастырылған волейбол ойынына барып қатысып, 2-жүлделі орын иеленді. 
23.04.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Дарын мектебінің ауласында өткен футболға қатысып, 3-жүлделі орынды иеленді.
25.04.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері «Мектеп аруы 2017» байқауына барып көмек беріп қайтты.
29.04.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарындағы еріктілер арасында ФК Ақтөбенің футболына байланысты жиналысқа барып қатысып қайтты.
02.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері  Ақтөбе-Тараз арасында өткен матчқа барып көмектесіп қайтты.
08.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Теннистық ОБЖСМ-ге барып көмек беріп қайтты.
10.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері ФК Ақтөбенің футболына байланысты ұймдастырылған жиналысқа барып қатысып қайтты.
11.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Қарттар үйіне барып, концерттік бағдарлама көрсетіп, азық-түліктер таратты.
12.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері ФК Ақтөбе мен Тобыл арасында өтетін матчқа байланысты ұйымдастырылған жиналысқа барып қатысты.
13.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Ақтөбе қаласының әкімімен бірге өтетін спорттық шараға барып қатысты.
14.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері №8 мектепте өтетін қыздар мен ер балалар арасындағы футболға барып қатысып қайтты.
14.05.2017 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің еріктілері Ақтөбе мен Тобыл арасында өтетін футболға барып көмектесті.
Мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба береді.

 

Дайындаған:
Еріктілер клубының жетекшісі қосымша білім беру педагогы М.Қ.Амангельдин және Құралбаев Мирас,  Бүркітбаева Ақбота