"Ғ. АҚТАЕВ АТЫНДАҒЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
Мектеп түлектері

Құрметті абыройлы Ақтаевтың тәрбиелі түлектері!

Сіздер Ақтөбе қаласындағы барлық қазақ мектептерінің анасы атанған киелі қара шаңырақ Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің түлектерісіздер.
Адам өмірін жылдар бойы салауатты сағынышпен, парасатты мәрттілкпен байланыстырып отыратын алтын қақпалы қасиетті Орда бар. Ол білім мен ғылымның шежірелі ошағы - алтын ұя мектеп.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол көрсетер шамшырақ іспетті. «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні сондықтан халықтың. 

Сіздер, құрметті түлектер, өмірден өз орындарыңызды тауып, халық үшін қызмет қылған Ұлы тұлғасыздар, белсенді қоғам қайраткерлерісіздер, тура жолдан таймаған білікті маман иелерісіздер. 

Мыңдаған саналы шәкірттері құрметпен бас иетін қасиетті қара шаңырақтың бүгінгі таңда мерейі үстем, беделі артық, абыройы асқақ. Биылғы күзде 90 жасқа толатын Ақтаевтың тыныс -тіршілігімен хабардар бола отырып, жақсыларымыз бен жайсаңдарымызға, төрелеріміз бен тектілерімізге мектебіміздің заманауи гүлденуіне шәкірттік үндері мен үлестерін қосар деген үкілі үміт пен игілікке толы қайырымды істеріңізге  зор сенім артамыз.  Мектеп пен түлек арасындағы ынтымақ пен бірлік өнегелі бастамаларға бастайтыны анық. Біз сіздермен мақтанамыз. Сіздер Ақтаевпен мақтаныңыздар!

 

1955 - 1979 оқу жылы

1957 - оқу жылы

1972-1975 оқу жылы

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ

1980 оқу жылы

1981 оқу жылы

1982 оқу жылы

1983 оқу жылы

1984 оқу жылы

1985 оқу жылы

1986 оқу жылы

1987 оқу жылы

1988 оқу жылы

1989 оқу жылы

1990 оқу жылы

1991 оқу жылы

1992 оқу жылы

1993 оқу жылы

1995 оқу жылы

1996 оқу жылы

1997 оқу жылы

1998 оқу жылы

1999 оқу жылы

2000 оқу жылы

2001 оқу жылы

2002 оқу жылы

2003 оқу жылы

2004 оқу жылы

2005 оқу жылы

2006 оқу жылы

2007 оқу жылы

2008 оқу жылы

2009 оқу жылы

2010 оқу жылы

2011 оқу жылы

2012 оқу жылы

2013 оқу жылы

2014 оқу жылы

2015 оқу жылы

2016 оқу жылы

2017 оқу жылы

 

1950-1951 оқу жылы

 

«Туған жерге тағзым» облыстық акциясы аясында Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің 1927 жылғы 16 түлегі арада аттай 60 жыл өткенде бір-бірімен құшақ жая қауышты.

Сол бір келмеске кеткен қимас жылдарда қалған бозбала мен бойжеткен шақтарын сағынышпен еске түсірген бүгінде жасы 90-ды еңсерген қымбатты класс жетекшілері Қибат Қауановнаның тағылымды тәрбие сағаты оларды рухани бақытқа бөледі. Әсіресе, қылықты қыздардың еркелігі мен ұрыншақ ұлдардың бұзықтықтарын көз алдарына елестеткен күлкілі сәт бәрінен де әсерлі болды.
 

80-нің сеңгіріне аяқ басқан, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере өсіріп, шөберенің оң қолынан су ішуге дәмелі зиялы зейнеткерлеріміз өз қаражаттары есебінен биылғы мектеп түлектері 11 «А» сыныбының оқу кабинетіне жалпы құны 265.520 теңге тұратын су жаңа 15 парта, 30 орындық және мұғалімнің үстелін сыйға тартты.


1948 жылғы түлектер

1951-1952 жылғы түлектер


1955 жылғы түлектер

 


1957 жылғы түлектер



1964 жылғы түлектер



1969 жылғы түлектер



1977 жылғы түлектер


1978 жылғы түлектер

1979 жылғы түлектер


1986 жылғы түлектер

1988 жылғы түлектер

1989 жылғы түлектер

1991 жылғы түлектер            


XXI ғасырдың алғашқы түлектері